Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада заңсыз салынған көлік жуу орны бұзылады

Астанада заңсыз салынған көлік жуу орны бұзылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорданың Байқоңыр ауданындағы Тараз көшесінде заңсыз салынған көлік жуу орнын бұзу басталды. Нысан рұқсат құжаттарынсыз және көлік жуу орнына арналмаған аумақта салынған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, заңсыз көлік жуу орны тұрғын үйлердің маңында орналасып, тұрғындарға қолайсыздық тудырған. Осыған дейін елорданың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекторлары заңсыз нысан иесіне анықталған заң бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарлаған. Алайда ол бұл талаптарды орындамаған.

«Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы аталған нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқама орындалмағандықтан, басқарма нысанды бұзу туралы сотқа талап арыз берді», – деп түсіндірді Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Өміржан Керейхан.

Сот талқылауы сегіз айға созылып, нысанды бұзу туралы сот шешімімен аяқталды.
Қазіргі уақытта басқарма 341 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтарды жою туралы 182 нұсқама берген. Сондай-ақ жалпы сомасы 265 млн теңгеден асатын 702 әкімшілік айыппұл салынды.

Қала тұрғындарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заң талаптарын сақтауға шақырамыз. Сондай-ақ заң талаптарын сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді