Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет

Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Бүгінде көлік саласында 870 мың адам жұмыс істейді. Яғни, әрбір оныншы адам көлік саласында еңбек етеді. Соңғы жылдары көлік саласының дамуына байланысты салаға 57 мыңға жуық маман қажеттілігі туындады. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Министр жұмысшылардың басым бөлігі автомобиль және теміржол көлігі, жол құрылысы мен логистика сала мамандары екенін атап өтті. Олардың ішінде машинистер, жүргізушілер, техниктер мен инженерлер, логистика мамандары, пилоттар мен авиадиспетчерлер, кеме капитандары және механиктерге сұраныс жоғары.

Көлік саласына жастарды тарту үшін бірқатар істер атқарылып жатыр. Оның ішінде бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу, мамандық таңдауға көмектесу, өндірістік тәжірибе өткізу бар. Осы шаралар студенттерге болашақта өз жұмыс орнын табуға көмек береді. Бүгінде көлік саласына мамандарды 37 жоғары оқу орны мен 47 колледжде дайындайды. Оларда 44 мыңға жуық студент білім алуда. Оның 28 мыңнан астамы мемлекеттік грант есебінен оқиды.

Министрдің айтуынша, басты мақсат – көлік саласына нақты қажет мамандарды оқыту, және болашақта керек мамандарды дайындау. Қазіргі кезде, технологияның өзгеруіне байланысты, көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет. Автожол саласында олар – BIM цифрлық жобалаушылары, «ақылды жолдар» мамандары және құрылыс роботтың операторы.

Теміржол саласы мен логистикада цифрлық логистер және автоматика мамандары. Авиацияда – жасанды интелектпен істейтін диспетчерлер, әуе қозғалысының ИИ-жобалаушы, пилотсыз техниканың операторы. Мұндай кадрларды даярлау үшін Көлік министрлігі мемлекеттік органдармен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп білім беру бағдарламаларын жаңарту және мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді