Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, қос мемлекеттің әнұрандары шырқалды. Бұдан кейін президенттер келіссөз залына барды.

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Лаос Президентінің Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапарын тарихи оқиға деп атады.

– Келесі жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Бұл – үлкен меже. Елдеріміздің қарым-қатынасы достық сипатқа ие. Екі мемлекет халықаралық аренада, ең алдымен, БҰҰ аясында тығыз жұмыс істеп отыр. Лаос мемлекеті біздің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде көтерген бастамаларымызды қолдады. Ол үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – Сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз. Осы сапардың нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға екі ел үкіметтері белсенді түрде кіріседі деп ойлаймын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Лаосты Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді. Сондай-ақ Лаос елінің экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсіп келе жатқанына, әсіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салалары бойынша зор нәтижеге қол жеткізгеніне назар аударды.

Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Президент мырза, сапар кезінде еліңіздің жан-жақты дамығанына, Сіздің басшылығыңызбен ауқымды өзгерістер жүргізіліп жатқанына куә болдым. Қазақстанға Лаос Президенті ретінде ресми сапармен келіп, Сізбен жүздесу – мен үшін зор мәртебе. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасымызға елеулі үлес қосатынына кәміл сенемін. Келіссөз барысында көптеген мәселені талқылап, өзара ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын айқындаймыз әрі алдағы ортақ жұмысты ақылдасамыз деп ойлаймын, – деді Лаос Президенті.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді