Елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді «Ақорда» резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әуелі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты қарсы алу рәсімінен соң президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізу үшін Шығыс залына барды.