Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан ҚР Кубогында бірінші орын иеленді

ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан ҚР Кубогында бірінші орын иеленді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2026 жылғы 26-29 тамыз аралығында Щучинск қаласындағы «Жақсы-2» спорт базасында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 15 команда құрамында 240-қа жуық спортшы қатысты. Кубок қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің BATYR TEAM құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.Бұл нәтиженің маңызы ерекше. Себебі ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Кубогына қатысу тарихында алғаш рет жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.

Жарыс «Өзін-өзі қорғау» және «Жекпе-жек» атты екі бағыт бойынша өтті. Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша ТЖМ спортшылары жалпы 41 медаль жеңіп алды: 12 алтын медаль,  11 күміс медаль, 18 қола медаль.

15 команда мен 240-қа жуық спортшы арасында жалпыкомандалық есепте 1-орын. Бұл жетістік ТЖМ қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі дайындығын, жаттықтырушылар құрамының кәсіби жұмысын және команданың ауызбіршілігін көрсетеді. ТЖМ Қазақстан Республикасының құрама командасы - BATYR TEAM спортшылары министрлікті республикалық спорт аренасында лайықты таныстырып, ТЖМ жүйесінде қоян-қолтық ұрыстың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты