Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттегі №46 мектеп-лицейінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқу кабинеттері заманауи талаптарға сай жаңартылды

Шымкенттегі №46 мектеп-лицейінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқу кабинеттері заманауи талаптарға сай жаңартылды
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласындағы №46 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылына дайындықтың негізгі жұмыстары аяқталды. Қазір білім ордасында соңғы ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1986 жылы салынған мектепте бүгінде 2700 оқушы білім алады. Оқу үдерісі екі ауысымда ұйымдастырылған. Білім беру ұйымында шамамен 200 қызметкер еңбек етеді.

Мектеп ғимаратына күрделі жөндеудің бірінші кезеңі 2014 жылы жүргізілген. Ал биыл техникалық қорытынды негізінде күрделі жөндеудің екінші кезеңі жүзеге асырылды. Жөндеу барысында ғимараттың қазіргі техникалық жағдайы ескеріліп, тозған элементтер жаңартылып, инженерлік инфрақұрылым ретке келтірілді. Негізгі мақсат – оқушылар мен мұғалімдер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

Жөндеу жұмыстарын «СИГРОСТ» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар толық аяқталып, нысанда соңғы жұмыстар мен ұсақ кемшіліктерді ретке келтіру кезеңі жүріп жатыр.

Жаңғырту жұмыстары аясында мектептің қасбеті мен шатыры жаңартылды. Оқу кабинеттері де заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мектепте негізгі пәндер бойынша кабинеттермен қатар информатика, робототехника және еңбек кабинеттері жұмыс істейді.Жаңа оқу жылына дайындық кезінде мектептің инженерлік жүйелерінің жағдайына да ерекше көңіл бөлінген. Жылу жүйесінде ақау жоқ, білім ордасы жылыту маусымына дайын.
Мектеп директоры Гүлжан Ибрагимованың айтуынша, білім ошағының басты көрсеткіші – тек ғимараттың жаңаруы немесе оқушылардың жетістігі емес. Ең маңыздысы – баланың өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуі, сапалы білім алуы және болашағына сеніммен қарайтын орта қалыптастыру.Осылайша, жаңартылған инфрақұрылым, заманауи оқу кабинеттері мен қолайлы білім беру ортасы №46 мектеп-лицейінің жаңа оқу жылын сапалы бастауына мүмкіндік бермек.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді