Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада 6 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді

Елордада 6 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында және елордадағы білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін 2025 жылы алты мектепке (№1, №14, №21, №35, №61, №69) күрделі жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған білім беру ұйымдары 2000-жылдардың басында салынған және соңғы бес жылда күрделі жөндеуден өтпеген. Осыған байланысты материалдық-техникалық базаны нығайту және оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылды.Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес мектептерде жылу және желдету жүйелері, сумен жабдықтау және кәріз желілері, электр тораптары мен өрт дабыл жүйелері толық жаңартылды. Бұдан бөлек, шатыр, қасбеттер мен ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Оқу кабинеттері заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Асханалар, кітапханалар, спорт және акт залдары жаңартылды.Барлық жұмыс «Келешек мектептері» ұлттық жобасының стандарттарына сәйкес атқарылды.

Айта кетейік, жаңа оқу жылының басынан бастап Астанада 28 мың орынға (2 ауысымда) арналған 7 жайлы мектеп пайдалануға берілді. Жалпы, оқу жылы ішінде 15 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр.Өткен оқу жылында рекордтық көрсеткішпен 66 мың орынға (2 ауысымда) арналған 24 мектеп ашылған болатын. Оның ішінде 16-сы – «жайлы мектеп». Бұл шаралар үш ауысымды оқыту мен мектептердегі шамадан тыс жүктемені кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, биыл бірінші сыныпқа 31 мың бала барды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті