Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада ASTANA SPORT POWER FEST жобасының екінші маусымы басталды

Елордада ASTANA SPORT POWER FEST жобасының екінші маусымы басталды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Спорт күніне орай және «Астана – есірткісіз қала» қалалық акциясы аясында елордада ASTANA SPORT POWER FEST ауқымды жобасының екінші маусымы ресми түрде ашылды. Іс-шара Орталық саябақта, Атырау көпірі маңында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің және елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Жоба бұқаралық спортты дамытуға, қала тұрғындарын тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға тартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ашық қалалық алаң ретінде ұйымдастырылған. Фестиваль төрт кезеңнен тұрады. Ол 15 тамыздан 5 қыркүйекке дейін әр сенбі сайын сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Қатысу тегін. Оған жасы әртүрлі белсенді демалысты ұнататын тұрғындармен қатар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар да қатыса алады.

Спорттық марафон бағдарламасына кәсіби мамандардың жетекшілігімен өтетін ашық жаттығулар, тартысты жарыстар, байқаулар мен интерактивті көше ойындары енгізілген. Маусым аясында күштік спорт пен қол күресіне қызығатындарды біріктіретін «Мост» атты көше турнирі де ұйымдастырылады.

Ауқымды іс-шараны «Елорда азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның стронгмендер ұлттық федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасының Қол күресі федерациясы ұйымдастырып отыр. Басты мақсат – әрбір қала тұрғыны мен қонағына спортпен айналысып, денсаулығына пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік беретін қолжетімді, қауіпсіз әрі жағымды спорттық орта қалыптастыру.

«ASTANA SPORT POWER FEST-тің екінші маусымы мен «Мост» көше турнирі – жай ғана спорттық жарыстар топтамасы емес, елорда жастары мен отбасылары арасында салауатты әрі саналы демалыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік қадам. Біз спортты жасына және физикалық мүмкіндігіне қарамастан, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін де барынша қолжетімді етуді көздейміз.

Фестиваліміз елорда тұрғындарын спорт пен «Астана – есірткісіз қала» тұжырымдамасының айналасына біріктіруге бағытталған. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын Атырау көпірі маңындағы Орталық саябаққа келіп, уақытты белсенді әрі пайдалы өткізуге шақырамыз!» – деді жоба ұйымдастырушылары.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді