Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Астана – есірткісіз қала»: елордада ауқымды велошеру өтеді

«Астана – есірткісіз қала»: елордада ауқымды велошеру өтеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында ауқымды велошеру өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Велошеру 20 маусым күні өтеді. Ал қатысушыларды онлайн тіркеу 18 маусым күні сағат 09:00-де басталып, 19 маусым күні сағат 18:00-де аяқталады. Тіркелу reg.elordasport.kz сайтында өтеді.

Қатысушылар саны шектеулі – 800 адам. Ал онлайн тіркелуге үлгермеген тұрғындар жарыс күні сағат 07:30-дан бастап іс-шара өтетін жерде тіркеле алады.

Онлайн тіркелген қатысушыларға лотерея билеттері 20 маусым күні сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін іс-шара өтетін жерде беріледі.
Велошерудің басталуы – сағат 09:00. Өтетін орны: «Астана орманы» жасыл белдеуі, Қосшы-Үркер бағыты. Жалпы қашықтығы: 21 шақырым. Қатысу тегін.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен өткізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді