Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысы Нұрлыкент ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Жамбыл облысы Нұрлыкент ауылында жаңа спорт кешені ашылды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Нұрлыкент ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынған және ауыл тұрғындарға бос уақытын пайдалы өткізу үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған.

Спорт кешені жергілікті тұрғындардың тұрақты спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Ғимаратта әмбебап спорт залы, өзге де қосалқы үй-жайлар бар.

Жамбыл облысында барлығы 2465 спорт нысаны жұмыс істейді. Өткен жылы өңірде 10 кешен іске қосылды, биыл тағы 12 кешеннің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, Таразда құны 6,4 млрд теңге болатын инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды, ол 2027 жылы пайдалануға беріледі, сондай-ақ 3,5 млрд теңгеге футбол академиясының құрылысын салу жоспарланған.

Жалпы халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 2023 жылғы 52,2%-дан 2025 жылы 59,6%-ға дейін өсті. Сонымен бірге халықты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту да артты. Екі жыл ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесі 40,4%-дан 44,5%-ға дейін өсті.

Балалар арасында бұқаралық спортпен 34% немесе 1,8 млн адам айналысады. Олардың 228 мыңнан астамы жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігінің арқасында 7 мың спорт секциясына тегін қатысады. БЖСМ-де тағы 400 мыңға жуық бала спортпен шұғылдануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді