Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да интернет-алаяқтық схемасына қатысушыға қатысты сот үкімі шықты

СҚО-да интернет-алаяқтық схемасына қатысушыға қатысты сот үкімі шықты
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қашықтан жасалған интернет-алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп, оның нәтижесінде қылмысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімінің шығарылуын қамтамасыз етті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтар Петропавл қаласының тұрғынына банк қызметкерлері ретінде хабарласып, оның банк шотындағы қаражатқа бөгде адамдар қол жеткізгенін айтқан. Олар ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару арқылы қорғау қажет деген желеумен жәбірленушіні несие рәсімдеуге және алынған қаражатты өздері көрсеткен есепшотқа аударуға көндірген. Осыдан кейін қылмыстық схеманың қатысушыларының бірі көршілес Павлодар облысының орталығы – Павлодар қаласында банкомат арқылы жәбірленушіге тиесілі 2 млн 860 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, кейін ұрланған қаражатты криптовалютаға айырбастаған. Ол атқарған "қызметі" үшін ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырған. Ізін жасыру мақсатында банкомат жанында медициналық бетперде мен кепка киіп жүрген. Алайда бұл әрекеттері көмектеспеді.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – Павлодар облысының 21 жастағы тұрғыны. Сот оның заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру міндетін әдейі орындағанын анықтады. Оған бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот оны жәбірленушіге келтірілген 2 790 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді. Полицейлер азаматтарға ескертеді: банк қызметкерлері де, құқық қорғау органдарының өкілдері де ешқашан несие рәсімдеуді, ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды немесе қандай да бір қаржылық операцияларды орындауды талап етпейді. Осындай қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, банкке немесе полицияға өзіңіз хабарласу қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді