Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда тұтанған өртті байқаған полицей шұғыл әрекет етіп, тұрғындарды эвакуациялады

Атырауда тұтанған өртті байқаған полицей шұғыл әрекет етіп, тұрғындарды эвакуациялады
Фото: polisia.kz

Атырауда өрт қаупін байқаған полицей шұғыл әрекет етіп, тұрғындарды эвакуациялады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

3 тамызда сағат 23:30 шамасында Атырау қаласындағы М. Өтемісов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында электр желісіне тиіп тұрған ағаш бұтақтары тұтанып, өрт шыққан. Сол сәтте көшеден өтіп бара жатқан Атырау қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Максим Доскалиев қауіпті жағдайды байқайды. Ол сол күні сағат 21:00-де қызметін аяқтап, жеке шаруасымен келе жатқан болатын. 

Жағдайдың күрделілігін бірден бағамдаған полиция қызметкері уақыт жоғалтпай тұрғын үйге кіріп, адамдарды сыртқа шығарды. Тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланып, ықтимал қауіптің алдын алуға мүмкіндік туды. Полиция қызметкері Максим Доскалиевтің қырағылығы мен дер кезінде қабылдаған шешімінің арқасында тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, өрттің ауыр салдарға әкелу қаупі сейілді. Полиция қызметкерінің міндеті – тек қызметтік уақытпен шектелмейді. Қоғамдық қауіпсіздікке қатер төнген кез келген жағдайда тәртіп сақшысы азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға дайын болуы тиіс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді