Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда су үнемдеу технологиясын енгізуді қолдауға бағытталған кешенді бағдарламасы әзірленеді

Қазақстанда су үнемдеу технологиясын енгізуді қолдауға бағытталған кешенді бағдарламасы әзірленеді
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиясын енгізуді қолдауға бағытталған кешенді бағдарлама әзірленеді. Құжат суару инфрақұрылымын дамыту, шаруаларды қаржылай қолдау және отандық жабдықтар мен материалдарды пайдалануды ынталандыру шарасын біріктіреді. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин суармалы егіншілікті дамыту мәселесі жөніндегі кеңесте тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарлама заманауи суару жүйелерін енгізудің барлық кезеңін – су көзінен бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің шаруашылығында жабдықты орнатуға дейінгі үдерісті қамтиды. Бағдарлама аясында жаңбырлатып суару машиналарын, суару қондырғылары мен өзге де қажетті инфрақұрылымды сатып алуға жеңілдікпен қаржыландыру тетігі көзделеді. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, өсірілетін дақылдың ерекшелігі мен күтілетін экономикалық тиімділікті ескеретін егіншілік жүргізудің қаржылық моделі әзірленеді. Мемлекеттік қолдау көрсету кезінде отандық өндірістегі техника мен жабдыққа басымдық беру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сәйкес, бүгінде елімізде 1,6 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы суарылады. Оның 57%-ы жерүсті әдісімен, 36%-сы су үнемдеу технологиясымен және 7%-ы үздіксіз су толтыру әдісімен суарылады.

Елімізде жаңбырлатып суару техникасын шығаратын отандық 7 өндіруші бар: үш кәсіпорын Түркістан облысында, екеуі Астанада, біреуі Алматыда және бірі Атырау облысында орналасқан. Сонымен қатар Lindsey, Valley және Bauer әлемдік брендтерінің техникасын өндіруді жергіліктендіру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл егіншілерді заманауи жабдықпен қамтамасыз етуді арттыруға мүмкіндік береді.

2030 жылға қарай суармалы жердің аумағын 2,5 млн гектарға дейін арттыру жоспарлануда.

Биыл алғаш рет егіс алқаптарының құрылымы нақты су пайдалану лимиттерімен жүйелі түрде байланыстырылды. Вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде суды көп қажет ететін дақылдардың ауданы қысқартылды. Атап айтқанда, күріш дақылы 20,6 мың гектарға азайды. Бұл ретте мақта бойынша 162,4 мың гектар егістің жалпы алаңы қысқартылмай, су үнемдеу технологиясына көшірілді. Бұл тамшылатып суару алаңының 29,8 мың гектарға ұлғаюы мен суарудың дәстүрлі тәсілінің 12 мың гектарға қысқаруының арқасында мүмкін болды.

Көктемгі дала жұмысы аяқталды. Биылғы егіс алқабы жалпы 23,8 млн гектар болса, оның ішінде күріш 80 мың, мақта 162,4 мың гектар.

Қазіргі заманғы технологияны енгізуді арттыру үшін мемлекет қазірдің өзінде бірқатар қолдау шарасын жүзеге асыруда. Ұңғымаларды бұрғылауға, су үнемдейтін суару жүйесін сатып алу мен орнатуға жұмсалған шығынның 80%-на дейін өтеледі. Сондай-ақ қажетті технологияға орай суармалы су құнына сараланған субсидия қолданылады.

Жыл сайын кемінде су үнемдеу технологиясын 150 мың гектар алқапқа енгізу жоспарланып отыр. Бүгінде ол 543,5 мың гектарға қолданылса, 2030 жылға қарай 1,3 млн гектарға жетуі тиіс.

Сонымен қатар, жыл сайын 30 мың гектарға жуық егістік жер суармалы жер санатына ауыстырылады. Жаңа ауданның шамамен 60%-ы жаңбырлату жүйесімен жабдықталуы тиіс. Ол үшін жыл сайын шамамен 1,5 мың спринклер сатып алу қажет. Бір қондырғының орташа құны шамамен 60 млн теңге болса, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдікпен кредиттеуге қажеттілік жыл сайын 90 млрд теңгеге бағаланады.

Вице-премьер сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға су көзіне жақын орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеру жүргізуді, суармалы егіншілікке тартуға жарамды учаскелерді анықтауды, оларды суармалы жер санатына ауыстыруды және одан әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді