Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысындағы Түрген көпірі үш ай ішінде қайта салынады

Алматы облысындағы Түрген көпірі үш ай ішінде қайта салынады
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірнеше апта бұрын толассыз жауған нөсір салдарынан Түрген суы арнасынан тасып, өзен арқылы өтетін көпір шайылып кетті. Бұл нысан 2024 жылы апатты деп танылған. Қазіргі таңда жауапты мердігер анықталып, көпір қайта қалпына келтірілуде. Құрылыс үш ай ішінде аяқталады деп жоспарланған. Бүгін Марат Сұлтанғазиев нысанға арнайы барып, құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда мұнда 4 техника жұмыс істеп тұр, сондай-ақ 10-нан астам қызметкер еңбек етуде. Көпір құрылысы бір апта бұрын басталған. Демонтаждау жұмысы толық аяқталып, бұрғылау шарасына дайындық жүргізілуде. Мердігердің айтуынша, қараша айында жұмыс толығымен аяқталады.

«Бұл көпір – тұрғындар мен туристер үшін маңызды нысан. Сондықтан жұмыс сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше мән берілуі керек. Құрылыс барысында барлық техникалық талап қатаң сақталуы тиіс», – деді аймақ басшысы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді