Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Жауын-шашынмен ыстық біртіндеп бәсеңдейді: күндіз ауа температурасы Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында +20+30°С, республиканың орталығы мен шығысында +22+35°С, тіпті оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде термометрлердің бағандары +27+35°С белгісіне дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында Ираннан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты +30+42°С жоғары температуралар сақталады.