Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 18 шілде, сенбі күні Summer Relay жазғы кешкі эстафетасы өтеді. Биыл жарыс алғаш рет қаланың тарихи орталығы арқылы өтетін жаңа бағытта ұйымдастырылады. Осыған байланысты қаланың бірқатар орталық көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың сөресі мен мәресі «Астана» алаңы. Эстафета бағыты Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелері және Абылай хан даңғылы арқылы өтеді. Бес адамнан тұратын командалар жалпы ұзындығы 10 шақырым болатын эстафеталық қашықтықты бағындырады. Ал жас қатысушылар үшін 500, 1000 және 2000 метр қашықтықтарға жүгіру жарыстары ұйымдастырылады.

Жарыс бағыты Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелері мен Абылай хан даңғылы арқылы өтеді. Қатысушылар Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Алматы» қонақ үйі, Жамбыл Жабаев ескерткіші, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, сондай-ақ Темірбек Жүргенов ескерткішінің жанынан жүгіріп өтеді.

Жарысқа байланысты көлік қозғалысына мынадай уақытша шектеу енгізіледі:

* 18 шілде сағат 09:00-ден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін – Төле би көшесінде (Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін);
* 18 шілде сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін – Абылай хан даңғылында (Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);
* 18 шілде сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін – Қабанбай батыр көшесінде (Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін);
* 18 шілде сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін – Панфилов көшесінде (Қабанбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін).

Уақытша шектеулер жарыстың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және қатысушылардың қашықтықты кедергісіз еңсеруі үшін енгізіледі.

Мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль табысталады. Әр санат бойынша жүлдегер атанған командалар мүсіншелермен және серіктестердің сыйлығымен марапатталады. Ал PRO және Business санаттарының жеңімпаздарына ақшалай сертификат беріледі.

Жарыс бағдарламасы сағат 18:00-де балалар жарысымен басталады. Сағат 20:00-де 2 шақырымдық жүгіру, ал 21:00-де Summer Relay негізгі эстафетасы өтеді.

Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры, Krida фитнес-клубы және академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ұйымдастырады.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеуді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді