Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

City Run: 16 қарашада Алматыда жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

City Run: 16 қарашада Алматыда жолдың бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 16 қараша күні Алматыда «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған маусымның соңғы City Run жүгіру жарысы өтеді. Биыл жарысқа 20 елден келген 2 500 адам қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарын жарыс күні кейбір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлайды.

16 қараша күні сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін жүгіру бағыты өтетін учаскелерде қозғалыс ішінара шектеледі. Қатысушылар жүгіріп өткен жол біртіндеп ашылып отырады. Жарыстың сөресі мен мәресі Астана алаңында орналасады. Осыған байланысты Төле би көшесінде, Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта, 2025 жылы 15 қараша сағат 04:00-ден 16 қараша сағат 12:00-ге дейін екі бағыттағы қозғалыс толықтай тоқтатылады. Қозғалыс Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін толықтай жабылады. Балама бағыт – Мақатаев көшесі, екі бағытта да қозғалыс ашық.

Қозғалыс Наурызбай батыр көшесінде Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін толықтай тоқтатылады.

Қозғалыс Бөгенбай батыр көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 08:00-ден 09:35-ке дейін толықтай тоқтатылады.

Қозғалыс Қабанбай батыр көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 08:00-ден 09:15-ке дейін толықтай тоқтатылады.

Қозғалыс Шевченко көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 08:00-ден 08:55-ке дейін толықтай тоқтатылады.

Қозғалыс Құрманғазы көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 08:00-ден 08:35-ке дейін толықтай тоқтатылады.

Мәлімет жүгіруге қатысушыларының қозғалысын барынша тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізілді.

«City Run – 2025» жүгіру жарысына байланысты жолды уақытша жабу кестесі

15.11.2025

15 қараша сағат 04:00-ден 16 қараша сағат 12:00-ге дейін

Төле би көшесі (Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін) – қозғалыс толықтай тоқтатылады.

16.11.2025

08:00-ден 10:00-ге дейін

Төле би көшесі (Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін).

Балама бағыт – Мақатаев көшесі, екі бағытта да қозғалыс ашық.

08:00-ден 10:00-ге дейін

Наурызбай батыр көшесі (Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін).

08:00-ден 09:35-ке дейін

Бөгенбай батыр көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін).

08:00-ден 09:15-ке дейін

Қабанбай батыр көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін).

08:00-ден 08:55-ке дейін

Шевченко көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін).

08:00-ден 08:35-ке дейін

Құрманғазы көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін).

 

Жолдың уақытша жабылуын ескере отырып, сөре аймағына дейінгі ең ыңғайлы бағытты 2ГИС қосымшасын көруге болады.

2025 жылы 16 қараша күні Алматыда маусымның қорытынды жарысы – City Run өтеді. Іс-шараны «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырады. Жүгіру әуесқойлары үшін екі қашықтық ұсынылады: 10 шақырым жүгіру және 5 шақырым скандинавиялық жүріс. Биыл жарысқа 20 елден келген 2 500 адам қатысады.

Айта кетейік, әлемнің көптеген елінде мұндай жарыстар мегаполистердің орталық көшелерінде өтіп, ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырып, тұрғындарды белсенді болуға тартады. Көрермендер көшеге шығып, қолдау сөздер жазылған плакаттар мен жалаулар ұстап, қатысушыларға рух береді. Осындай іс-шаралар бүгінде қалалық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналып келеді.

Қордың іс-шаралары, соның ішінде ең ірісі Almaty Marathon қала экономикасына айтарлықтай серпін береді: салық түсімі артып, спорттық туризм мен жергілікті бизнес дамып келеді. Зерттеу деректеріне сәйкес, марафонның небәрі екі күнінде мыңға жуық қатысушы жалпы сомасы шамамен 8 миллион теңгеге төлем жасайды. Ал серіктес компаниялардың салық аударымы 4 жылда 318,9 миллион теңгеден 873,9 миллион теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ, басқа қаладан келген қатысушылардың шамамен 80%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Жарыстың басталу уақыты:

08:00 – 10 км қашықтыққа жүгірудің басталуы

08:10 – 5 км скандинавиялық жүрістің басталуы

 

City Run жарысы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Бас демеуші: Kaspi.kz

Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры, Krida фитнес клубы, академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті