Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шұжық өнімдерін өндіретін қарағандылық кәсіпорынның 25,9 млн теңге көлеміндегі шығыны өтелді

Шұжық өнімдерін өндіретін қарағандылық кәсіпорынның 25,9 млн теңге көлеміндегі шығыны өтелді
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қарағандыдағы «Тай» компаниясы 30 жылдан астам уақыттан бері шұжық өнімдерін шығарумен айналысады. Өнім шығару барысындағы соңғы үдерістерді жеделдету әрі автоматтандыру мақсатында кәсіпорын құны шамамен 65 млн теңге болатын автоматты қос клипсатор сатып алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа жабдықты қолдану арқылы шұжық батондарын қалыптастыру, герметикалық қысу және кесу үдерісі автоматтандырылды. Клипсатордың өнімділігі минутына 120 циклге дейін жетеді. Бұл кәсіпорынға дайын өнімнің жылдық көлемін сапаны жоғалтпай 30%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Жобаны іске асырғаннан кейін компания жұмсалған шығынның бір бөлігін өтеу үшін «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығына жүгінді. Нәтижесінде кәсіпорынның 25,9 млн теңге көлеміндегі шығыны өтелді.

«Бұл біздің кәсіпорын үшін өте ауқымды әрі уақытылы көрсетілген қолдау болды. Қайтарылған айналым қаражаты компания бюджетіне түсетін қаржылық жүктемені азайтып қана қоймай, одан әрі дамуға зор серпін береді. Енді бұл қаражатты біз басқа өндірістік желілерді одан әрі жаңғыртуға және өнім түрлерін кеңейтуге тікелей бағыттай аламыз», – дейді «Тай» ЖШС-ның техникалық директоры Серік Жұртыбаев.

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының операторы – «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы. Орталық шығындардың бір бөлігін екі бағыт бойынша өтейді: еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету.

Кәсіпорындар технологиялық жабдықтарды сатып алуға, цифрлық технологияларды енгізуге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін жақсартуға, шығарылатын өнімді сертификаттау және зертханалық сынақтарын өткізуге және т.б. жұмсалған шығындарының 40%-дан 50%-ға дейінгі көлемін қайтарып ала алады.

Өткен жылы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тетіктерін жаңартты. Енді отандық кәсіпорындар ел ішінде басым тауарларды теміржол көлігімен тасымалдауға жұмсалған шығынның 50%-ға дейінгі бөлігіне өтемақы ала алады. Сонымен қатар халықаралық сертификаттауға жұмсалатын шығынды өтеу көлемі 5 есеге ұлғайтылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді