Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада платформалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Астанада платформалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев платформалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысына қатысты. Кездесу «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өтті. Оған сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, ірі отандық және халықаралық интернет-платформалардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің негізгі тақырыбы платформалық жұмыспен қамтуды одан әрі дамыту және оны мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелері болды. Жұмыс тобының қызметі цифрлық еңбек нарығын дамытуға, азаматтардың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін кеңейтуге, сондай-ақ платформалық жұмыспен қамтылған азаматтар мен цифрлық платформалар операторларының заңды қызметіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған теңгерімді шешімдерді әзірлеуге негізделген.

Министр платформалық жұмыспен қамтуды реттеудің заманауи әрі түсінікті жүйесін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл мемлекет, бизнес және азаматтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етіп, цифрлық экономиканың одан әрі дамуына серпін береді.

Отырыс барысында қатысушылар азаматтарды экономиканың формальды секторына тарту және әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың чектерді оңай қалыптастыруы үшін қызметтер анықтамалығын жаңарту мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, платформалық жұмыспен қамтуды дәстүрлі еңбек қатынастарынан ажырату тәсілдері қаралды. Қатысушылар тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты мазмұнына негізделген айқын өлшемшарттарды айқындаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл еңбек құқықтарының тиімді қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Отырыста ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру мақсатында әзірленген платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру қағидаларының жобасына ерекше назар аударылды. Құжатта мемлекеттік органдар мен цифрлық платформалар операторлары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін енгізу, дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз ететін әлеуметтік аударымдарды төлеу тәртібін жетілдіру көзделген.

Отырыс қорытындысы бойынша платформалық жұмыспен қамту саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді