Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Жезқазғансирекмет» АҚ мен Maritime House Ltd. компаниясы арасында офтейк-келісімшартқа қол қойылды

«Жезқазғансирекмет» АҚ мен Maritime House Ltd. компаниясы арасында офтейк-келісімшартқа қол қойылды
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде «Жезқазғансирекмет» АҚ мен Ұлыбританияның Maritime House Ltd. компаниясы арасында құрамында рений бар шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Құжатқа қол қою рәсімі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың қатысуымен өтті. Құны $107 млн-ды құрайтын және 5 жылға жасалған коммерциялық келісім қазақ-британ өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.

Келісім Қарағанды облысының Саран қаласында қайталама шикізаттан металл рений өндіру жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыруға негіз қалайды. Жобаға тартылатын инвестиция көлемі $30 млн-ды құрайды. Құжатта өндіріс қуаттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, оның ішінде тараптар арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселесі көзделген.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шикізатты терең өңдеуге, озық технологияларды енгізуге және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға бағытталған жобаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Қол қойылған келісім еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға және әлемдік аса маңызды минералдар нарығындағы орнын нығайтуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Isabell
  • 10-07-2026, 01:27
  • : 01:27
References: Legiano Casino Anmeldung https://board-pl.seafight.com:443/proxy.php?link=https://www.mydaradstools.com/
karinwicks
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді