Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстаулық журналист Айсағали Қыдыров мемлекеттік наградаға ие болды

Маңғыстаулық журналист Айсағали Қыдыров мемлекеттік наградаға ие болды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар БАҚ өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында маңғыстаулық белгілі журналист, облыстық «Маңғыстау» газетінің еңбек ардагері Айсағали Қыдыров «Құрмет» орденіне ие болды.

Айсағали Тәжібайұлы еңбек жолын 1978 жылы Ақтау қаласында «Коммунистік жол» облыстық газетінде тілші болып бастаған. Саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған қаламгер өңірлік баспасөздің қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосты.

Қырық жылдан астам уақыт ішінде ол әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-рухани тақырыптарды терең қозғап, сараптамалық мақалалар, өткір сұхбаттар мен мазмұнды очерктер жариялады. Оның қаламынан туған көптеген материалдар қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуына ықпал етті.

Айсағали Қыдыров тек журналист ретінде ғана емес, фотожурналистика саласында да өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған маман. Ол фототілші, тілші қызметтерін атқара жүріп, өңірдің шежіресін сурет пен сөз арқылы сабақтастыра білді.

Қаламгердің шығармашылық мұрасы газет беттерімен ғана шектелмейді. Ол өңір тарихын зерделеп, еңбек адамдарының тағдырын арқау еткен «Маңғыстау балықшылары» және «Маңғыстаудағы алғашқы автошаруашылық» кітаптарының авторы. Бұл еңбектер Маңғыстаудың өндірістік және әлеуметтік даму тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізген құнды зерттеулер саналады. Сонымен қатар Айсағали Қыдыров Түпқараған ауданының тарихы баяндалатын «Қарашаңырақ» кітабының жаңартылған редакциясын әзірлеуге үлес қосты.

Поэзияны серік еткен журналист портреттік очерктері мен эсселері арқылы оқырман ықыласына бөленіп, ұлттық руханиятты насихаттауға еңбек сіңірді. Оның шығармашылығында азаматтық ұстаным, қоғамдық жауапкершілік және кәсіби адалдық айқын көрініс табады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді