Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жылыту маусымына дайындық басталды

Алматыда жылыту маусымына дайындық басталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алдағы жылыту маусымына қала инфрақұрылымын дайындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бүгінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жалпы дайындық деңгейі 50,5 пайыз, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында жылумен, электр қуатымен, газбен және сумен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмыстарының қарқыны, сондай-ақ тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандардың әзірлігі қаралды. Әсіресе, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлерге баса назар аударылды. Қазіргі уақытта осындай 9 283 тұрғын үйдің 984-і дайындық актілерін алған. Инженерлік жүйелерді дайындау жұмыстары 10 қыркүйекке дейін толық аяқталуға тиіс.

Сонымен қатар коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу және инвестициялық бағдарламалары талқыланды. Биыл 20 шақырым жылу желісін қайта жаңғырту, 379 шақырым электр желісін жаңғырту, сондай-ақ 60 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желілерін жаңарту жоспарланып отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жеделдетуді және тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың қысқы кезеңге дер кезінде әрі толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды