Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Workout City жобасы іске қосылды

Астанада Workout City жобасы іске қосылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананың Орталық саябағында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында әлеуметтік-спорттық Workout City жобасының ашылуы өтті. Алдағы үш ай бойы елорда тұрғындары мен қонақтары білікті жаттықтырушылардың жетекшілігімен воркаутпен тегін айналыса алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған және Астана қаласы әкімдігі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жобаның бас менеджері Артем Павельевтің айтуынша, жағалаудағы амфитеатр мен St. Regis қонақүйінің арасындағы алаң тәулік бойы жұмыс істейтін толыққанды ашық аспан астындағы спорт залы болып саналады.

Мұнда дайындық деңгейі мен бұлшықет топтарына қарай түрлі жаттығулар жасауға арналған ондаған спорттық құрал орнатылған. Олардың қатарында жим станциялары, гір тастары, гантельдер, штангалар, арқандар, гимнастикалық шеңберлер, бокс қаптары, турник, эспандерлер және өзге де жаттығу құрылғылары бар. Сондай-ақ бір мезгілде сегіз түрлі жаттығуды орындауға мүмкіндік беретін кроссовер қойылған.

Қазір алаң техникалық режимде жұмыс істеп тұр. Сондықтан оның жабдықталуы келушілердің сұранысына қарай жетілдіріле береді. Артем Павельевтің сөзінше, кейбір құрылғылар әлі де өзгертіліп, толықтырылуы немесе жаңғыртылуы мүмкін. Спорттық кеңістікті дамыту спортшылардың ұсыныстары негізінде орындалады.

Мәселен, келушілердің өтініші бойынша алаңға гимнастикалық сақиналар мен тік арқан орнатылған. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік мәселесіне де ерекше көңіл бөлген. Алаң аумағы жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған тоғыз бейнебақылау камерасымен қамтылған.

«Бұл – толыққанды ашық аспан астындағы спорт залы. Мұнда жасөспірімдер де, ересектер де, зейнеткерлер де тегін жаттыға алады. Айналасында үлкен ағаштар өсіп тұр, көлеңке жеткілікті. Таза ауа мен жасыл желек мол. Орналасқан жері де өте ыңғайлы: адамдар алдымен жаттығып, кейін Орталық саябақта серуендей алады», – деді Артем Павельев.

Алдағы уақытта спорт аймағының аумағын екі есеге жуық ұлғайтып, қосымша стационарлық жаттықтырғыштар мен заманауи жабдықтар орнату жоспарланып отыр.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – Street Workout бойынша тегін жаттығулар өткізу. Street Workout федерациясының төрағасы Тимур Тайшыбековтің айтуынша, сабақтар 22 маусым мен 22 қыркүйек аралығында қаланың екі алаңында ұйымдастырылады.

Орталық саябақта жаттығулар сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін өтсе, Ботаникалық бақта дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері дәл осы уақытта ұйымдастырылады.

Сабақтарды Тимур Тайшыбеков пен ұйымдастырушылар Қазақстандағы Street Workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі деп атайтын танымал спортшы Рамазан Омаров жүргізеді.

Бағдарлама кез келген жастағы және дене дайындығы әртүрлі адамдарға арналған. Жаттығу басталар алдында бапкерлер қатысушылардың денсаулық жағдайы мен жарақаттарының бар-жоғын ескеріп, жүктемені жеке таңдайды.

«Біздің мақсат – адамды барынша шаршату емес. Біз көпшілікке қолайлы қарапайым жаттығулардан бастаймыз. Негізгі назар жалпы дене дайындығын жақсартуға, күш-қуатты, төзімділікті және дене тұрақтылығын дамытуға аударылады. Осыдан кейін ғана күрделі воркаут элементтеріне көшуге болады», – деді ол.

Жобаға қызығушылықтың артуына байланысты ұйымдастырушылар оны кеңейтіп, елорданың басқа аудандарында қосымша жаттығу алаңдарын ашу мүмкіндігін қарастырып отыр. Егер Сарайшық, Алматы немесе өзге аудандардың тұрғындарынан жеткілікті өтініш түссе, федерация жаттықтырушыларын сол жерлерге жіберуге дайын.

«Адам өз ауласына шығып, жаттығуға қатыса алады. Біздің міндетіміз – тұрғындарға спорт алаңдарын дұрыс пайдалануды үйретіп, спортты күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру. Ата-аналар балаларымен бірге жаттыққан кезде бұл жақсы үлгі болып, салауатты әдеттердің қалыптасуына ықпал етеді», – деді Тимур Тайшыбеков.

Ашылу күні қонақтар үшін спортшылардың көрсетілімдері, ашық жаттығулар, спорттық байқаулар мен сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар жазғы маусымда жоба жүздеген астаналықты тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тартып, бұқаралық спорттың дамуына серпін береді деп жоспарлап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды