Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкерлері азаматтың өмірін сақтап қалды

Алматыда полиция қызметкерлері азаматтың өмірін сақтап қалды
Фото: бейнескриншот polisia.kz

Алматы қаласында полиция қызметкерлері азаматтың өмірін сақтап қалып, қайғылы жағдайдың алдын алды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабарлама кешкі уақытта "102" арнасына келіп түскен. Хабарламада Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамның 16-қабаттағы балконның сыртқы жағында тұрғаны және кез келген сәтте құлап кету қаупі бар екені айтылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, оның ішінде "Буран-407" және "Буран-414" патрульдік экипаждары жедел түрде жетті.

Жағдайдың күрделілігін бірден бағамдаған тәртіп сақшылары азаматпен байланыс орнатып, оның назарын басқа арнаға бұруға және уақыт ұтуға күш салды. Қолайлы сәт туған кезде полиция қызметкерлері батыл әрі жедел әрекет етіп, ер адамды ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды. Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы Айдын Әбілдің айтуынша, бұл жағдайда әр секунд шешуші рөл атқарған.

-  Хабарлама "102" қызметі арқылы келіп түсті. Біз дереу оқиға орнына жеттік. Ер адам балконның сыртқы жағында тұрғандықтан жағдай өте қауіпті болды. Әріптестеріммен бірге онымен сабырлы түрде сөйлесіп, тосын әрекеттерге жол бермеуге тырыстық. Бір сәтте арақашықтықты қысқартып, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік туды. Сол мезетте оны қауіпсіз жерге алып шықтық", – деді Айдын Әбіл.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам ауыр эмоциялық күйде болған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция департаментінің мәліметінше, қызметкерлердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының арқасында адам өміріне төнген қауіптің беті қайтарылып, қайғылы салдардың алдын алу мүмкін болды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды