Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына 18 мыңнан астам зейнеткер қатысады

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына 18 мыңнан астам зейнеткер қатысады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда қарт адамдардың денсаулығын сақтап, белсенді өмір салтын ұстануына, жаңа білім алуға және қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының желісі қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Орталық директоры Сәуле Бекетаева жан-жақты айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Алматы 2018 жылы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылған Қазақстандағы алғашқы қала болды. Қазіргі таңда қалада 21 орталық жұмыс істейді. Оның 17-сі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қоғамдық ұйымдардың базасында қызмет көрсетіп келеді.

«Жобаның негізгі мақсаты – аға буын өкілдерінің белсенді, салауатты және сапалы өмір сүруіне жағдай жасау, олардың әлеуметтік белсенділігін сақтап, қала өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету», – деді Сәуле Бекетаева.

Бүгінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызметін 18 мыңнан астам зейнеткер пайдаланып отыр. Орталықтар ашылғалы бері 222 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілген. Мекемелер Алматының барлық ауданында орналасқандықтан, егде жастағы азаматтардың әлеуметтік, білім беру, мәдени және сауықтыру бағдарламаларына тең қолжетімділігі қамтамасыз етілген.

Спикердің айтуынша, келушілер санының едәуір артуына орталықтар желісінің кеңеюі, қызмет түрлерінің көбеюі және аға буын өкілдері арасындағы жоғары сұраныс себеп болған.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жоба қатысушылары арасындағы күйзеліс деңгейі 50 пайызға, ал жалғыздық сезімі 55 пайызға төмендеген. Сондай-ақ келушілердің 70 пайыздан астамы денсаулық жағдайының, эмоционалдық көңіл күйінің және әлеуметтік белсенділігінің жақсарғанын атап өткен.

Зейнеткерлерге көрсетілетін барлық қызмет жергілікті бюджет есебінен тегін ұсынылады. Қатысу үшін тұрғылықты жері бойынша ең жақын Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, тіркеуден өту қажет.

Орталық келушілері арасында емдік дене шынықтыру, йога, гимнастика, би, хор әні, сурет салу, қолөнер үйірмелері, сондай-ақ компьютерлік және цифрлық сауаттылық курстары ерекше сұранысқа ие. Сонымен қатар, психологиялық қолдау, білім беру бағдарламалары мен шығармашылық бағыттар да кеңінен сұранысқа ие.

Сәуле Бекетаеваның айтуынша, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қатысушылары Алматы мен Қазақстанды халықаралық деңгейде абыроймен таныстырып жүр. Би ұжымдары бірнеше рет Гран-при иегері атанып, халықаралық байқаулардың лауреаттары болған.

Жобаның ерекше мақтанышы - «Алматы әжелері» ұжымы. Егде жастағы модельдерден құралған бұл топ Италия, Испания, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Қырғызстанда өткен халықаралық сән апталықтары мен этнофестивальдерде Қазақстанды таныстырды.

Сонымен қатар, орталықтардың суретшілері де жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Олардың көпшілігі сурет салумен зейнетке шыққаннан кейін айналыса бастаған, ал бүгінгі таңда олардың туындылары Қазақстан музейлерінде және халықаралық көрмелерде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында да таныстырылып жүр.

Орталық директорының айтуынша, есептік кезеңде шамамен 9 мың медициналық кеңес көрсетілген, сондай-ақ 19 мыңнан астам адам психологиялық қолдау алған. Бұдан бөлек, келушілер үшін 400-ден астам спорттық, мәдени және білім беру іс-шарасы ұйымдастырылған.

Егде жастағы азаматтардың физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Орталықтарда психологтар мен кинезиологтар жұмыс істейді, жеке консультациялар, тренингтер, семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіледі. Белсенді ұзақ өмір сүру фестивальдері, скандинавиялық жүріс, шахмат және үстел теннисі жарыстары кеңінен танымал.

Сонымен қатар, зейнеткерлер «Агрокраудсорсинг» жобасына қатысады. Бұл жоба Алматы облысы аумағында жүзеге асырылып, қатысушылар ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысып, денсаулығын нығайтып, таза ауада уақыт өткізеді.

Цифрлық және құқықтық сауаттылыққа да ерекше көңіл бөлінген. Қатысушыларға смартфондар мен интернет қызметтерін пайдалану, киберқауіпсіздік негіздері және алаяқтықтан қорғану жолдары үйретіледі. Елдегі жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп зейнеткерлерге ағылшын тілі, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және мобилография курстары ұйымдастырылған.

Маңызды жетістіктердің бірі – Алматы тәжірибесінің халықаралық деңгейде мойындалуы. 2025 жылы қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 17 елдің сарапшыларын біріктірген «Белсенді ұзақ өмір: тәжірибе және болашақ» атты халықаралық форум өткізді.

«Бұл нәтижелердің барлығы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының аға буын өкілдеріне денсаулығын сақтауға, қабілеттерін дамытуға, белсенді өмір сүруге және қоғам өміріне толыққанды араласуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді», – деп түйіндеді Сәуле Бекетаева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды