Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да алаяқтарға банк шоттарын тауып берген бес адам сотталды

СҚО-да алаяқтарға банк шоттарын тауып берген бес адам сотталды
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтарға банк шоттарын тауып берген 20–25 жас аралығындағы бес адам сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заң бұзушылар былтыр шілде айында ұсталған. Тергеу барысында жиналған материалдар олардың интернет-алаяқтықтың 31 эпизодына қатысы барын анықтады. Шетелде отырған алаяқтар қазақстандықтарға ұялы байланыс операторларының, банк қызметкерлерінің және басқа да ұйымдардың атынан хабарласқан. Олар әртүрлі сылтаумен азаматтарды SMS арқылы келген кодтарды айтуға көндірген. Одан кейін қылмыстық топтың басқа қатысушылары жәбірленушілерді олардың қаржыларына қауіп төніп тұр деп сендіріп, ірі көлемде несие рәсімдеткен және ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аудартқан. Бұл шоттар шын мәнінде дроптардың атына ашылған болған. Ақша сол шоттар арқылы шетелге шығарылып отырған. Ал осы дроптарды тауып, қылмыстық схемаға тартумен әрбір транзакциядан пайыз алып отырған бес солтүстікқазақстандық айналысқан.

Бірқатар қылмысқа көмектескені үшін олар сот алдында жауап берді. Мамыр айында сот үкімімен айыпталушылар 2 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот жәбірленушілердің талаптарының бір бөлігін қанағаттандырды. Сотталғандар бірнеше эпизод бойынша келтірілген залалды өтеуге міндеттелді. Бір жағдайда залал 22 млн теңгеден асқан. Басқа талаптар азаматтық тәртіппен қаралуы мүмкін. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді