Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия жастары «Қайрат» ФК академиясының тәжірибесімен танысты

Қазақстан мен Түркия жастары «Қайрат» ФК академиясының тәжірибесімен танысты
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Қазақстан мен Түркия жастары арасындағы тәжірибе алмасу бағдарламасы жалғасуда. Кезекті іс-шара «Қайрат» футбол клубының академиясында өтіп, қатысушылар жас спортшыларды даярлау жүйесімен және оларды қолдаудың заманауи тәсілдерімен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Академия өкілдері жас футболшыларды дамыту, олардың білім алуы, әлеуметтік бейімделуі және кәсіби мансабын жоспарлау бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар спорттық психология және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Арнайы сессия барысында қатысушылар эмоционалдық интеллектіні дамыту, күйзеліске төзімділікті арттыру және спортшылардың ынтасын сақтау тәжірибесін талқылады. Сондай-ақ жоғары қысым жағдайында шешім қабылдау және психологиялық саулықты сақтау мәселесі қарастырылды.

Түркия делегациясының өкілдері түркі мемлекеттері жастары арасындағы тәжірибе алмасудың маңызын атап өтіп, жастар саясаты, спорт және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.

«Алматыға сапарымыздың негізгі мақсаты – түркі елдерінің жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдени және білім беру салаларындағы тәжірибе алмасуды дамыту, сондай-ақ жастар ұйымдары арасындағы өзара байланысты кеңейту. Алматы – түркі әлемінің маңызды мәдени және жастар орталықтарының бірі. Сондықтан бұл сапар екі ел жастары арасындағы достықты одан әрі нығайтуға және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік береді», – деді Түркия Республикасының Жастар және спорт министрлігінің министр кеңесшісі әрі Психоәлеуметтік қолдау департаментінің басшысы Элиф Гүнеш.

Іс-шара «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» жобасы аясында өтуде. Алдағы күндері бағдарлама қатысушыларын мәдени, білім беру және қоғамдық іс-шаралар күтуде. Сонымен қатар 12-14 маусым аралығында Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық кемпингі ұйымдастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды