Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркия Президенті Қазақстан Ресупбликасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады

Түркия Президенті Қазақстан Ресупбликасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады
Фото: ҚР Ұлттық Ұланының баспасөз қызметі

Түркия Республикасының астанасы  Анкарада Жандармерия және жағалау күзеті Академиясы түлектерінің салтанатты шығарылымы өтті. Түлектер қатарында – Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланынының тоғыз жас офицері де бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ұлттық Ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мәртебелі қонағы ретінде Түркия Республикасының Президенті қатысты. Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ұланның лейтенанты Асхат Сұлтанахметке Академия дипломын өз қолымен табыстады. Бұл оқиға Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды.

Түркия тарапының ресми шақыруы бойынша салтанатты рәсімге еліміздің құқықтық тәртіп әскерінен арнайы делегация қатысты. Делегацияны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков бастап барды.

Сапар барысында қазақстандық өкілдер Жандармерия және жағалау күзеті Академиясының жеке құрамды даярлау жүйесімен және заманауи әскери білім беру әдістемелерімен танысты. Сонымен қатар делегация Жандармерияның Логистика қолбасшылығында, арнайы мақсаттағы JÖAK бөлімшесінің оқу орталығында, сондай-ақ байланыс электрондық жүйелері мен ақпараттық жүйелерді басқару орталығын көрді.

Сапар барысында Аңсаған Скендірұлы Жандармерияның Бас қолбасшысы армия генералы Али Чардакчымен кездесті. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының Түркияға сапары әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам.

Бұл сапар тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Түркия Жандармериясы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға жол ашты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті