Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар ер адам анықталды

Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар ер адам анықталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар ер адам анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының 67 жастағы тұрғыны алаяқтық фактісі бойынша полицияға арызданды. Зейнеткердің айтуынша, әлеуметтік желілердің бірінде белгісіз ер адам оған несие рәсімдеуге көмектесетінін ұсынған. Сеніміне кірген күдікті әйелді ұялы телефонына келген құпия СМС-кодты айтуға көндірген. Алынған мәліметтерді пайдалана отырып, ол жәбірленушінің атына микроқаржы ұйымынан 170 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, ақшаны өз пайдасына жаратқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 24 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, қажетті тергеу әрекеттері атқарылып жатыр. Полиция департаменті азаматтарға ескертеді: ешкімге СМС арқылы келетін бір реттік кодтарды, құпия сөздерді және банк карталарының деректерін хабарламаңыз; несие, қарыз немесе мемлекеттік қызметтерді рәсімдеуге “көмектесеміз” деп ұсыныс жасайтын бейтаныс адамдарға сенбеңіз; банк пен микроқаржы ұйымдарының қызметкерлері ешқашан құпия растау кодтарын сұрамайтынын есте сақтаңыз; кез келген қаржылық операцияны жасамас бұрын ақпаратты ұйымдардың ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіз; осындай күмәнді ұсыныстар түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, полицияға хабарлаңыз. Қарапайым сақтық шараларын сақтау сіздің қаражатыңызды қорғауға және алаяқтардың құрбаны болмауға көмектеседі.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Gracie
  • 16-06-2026, 08:19
  • : 08:19
References: Book of Ra Gewinn Casino Bonus 2026
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті