Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Infinite Chess Cup 2026»: астаналық шахматшылар үздіктер қатарынан көрінді

«Infinite Chess Cup 2026»: астаналық шахматшылар үздіктер қатарынан көрінді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласында ерік-жігерді, зейінді және стратегиялық ойлауды ұштастырған ерекше жарыс – «Infinite Chess Cup 2026» инклюзивті шахмат турнирі сәтті аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирге тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті зақымдалған шахматшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде 50-ге жуық спортшы бақ сынады.

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубының» шахматшылары үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Райымбек Асқарұлы алтын медаль иегері атанды. Сұлтан Кожахметов 2-орынға тұрақтаса, Арман Абданбеков қола медаль иегері атанды.

Сонымен қатар турнир аясында арнайы номинациялар бойынша клуб спортшылары марапатталды. Майраш Тоқыбаева «Ең тәжірибелі қатысушы» атанса, Любовь Ермишкина «Турнир үміті» номинациясына ие болды.

Сондай-ақ клубтың өзге де спортшылары жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі орындарға жақын нәтижелерге қол жеткізді:
• Камалидин Оспанов – 6-орын;
• Бақтияр Ахметов – 7-орын;
• Алиас Шайымов – 10-орын.

Айта кетейік, жарыс қорытындылары халықаралық FIDE рейтингіне есептеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды