Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Barceló Hotel Group бас атқарушы директорымен кездесті

Серік Жұманғарин Barceló Hotel Group бас атқарушы директорымен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Barceló Hotel Group бас атқарушы директоры Рауль Гонсалеспен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстанда қонақ үй бизнесін дамыту перспективасын талқылады. Серік Жұманғарин атап өткендей, Үкімет туристік саланы дамытып, халықаралық инвесторлар мен жетекші қонақ үй операторларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Қазақстандық тарап қонақ үй инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін дайын нысандар сатып алу, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды жалға алу бойынша бірқатар ұсыныс дайындаған.

«Біз Barceló Hotel Group әлеуетін жоғары бағалап, компанияны қонақ үй саласындағы табысты жобаларды жүзеге асыруда бай халықаралық тәжірибесі бар сенімді әріптес ретінде қарастырамыз. Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылауға және Қазақстанда өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Бұл кездесу өткен жылы Серік Жұманғариннің Севильяда (Испания) БҰҰ-ның дамуды қаржыландыру жөніндегі IV халықаралық конференциясына қатысуы шеңберінде өткізілген келіссөздердің жалғасы. Сол кезде тараптар Barceló Hotel Group-тың қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндігін талқылаған болатын. Қазақстандық тарап компания өкілдерін елдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысу үшін Қазақстанға шақырған.

Barceló Hotel Group өкілдері сапар шеңберінде Алматыға барады. Онда Астанадағыдай бірқатар кездесу өткізіп, қонақ үй бизнесін дамытуға қолайлы нысандармен танысады.

 

Анықтама:

Barceló Hotel Group – 1931 жылдан бері туризм саласында жұмыс істейтін отбасылық испандық компания. Штаб пәтері Майорка аралында (Испания) орналасқан. Компания қонақ үй, туристік агенттік пен авиакомпания желісіне иелік етіп және оны басқарады. Әлемнің 30 елінде 300-ден астам қонақүйді біріктіретін Испаниядағы ең ірі оператордың бірі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды