Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда түнгі рейд барысында 30 жасөспірім анықталды

Атырауда түнгі рейд барысында 30 жасөспірім анықталды
Фото: polisia.kz

Атырауда түнгі рейд барысында 30 жасөспірім анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда ата-ананың бақылауы мен тәрбиесінің маңызы ерекше. Әсіресе жазғы демалыс кезеңінде бос уақыт көбейгендіктен, балалардың қараусыз қалуы түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тәулік бойы күшейтуде. Атырау облысы полиция департаменті “Тәуелсіз өмір” жастар қозғалысы және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі әрі блогер Андрей Котовпен бірлесіп түнгі профилактикалық рейд ұйымдастырды.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары сағат 22:00-ден кейін өздеріне бекітілген аумақтар бойынша топтарға бөлініп, Атырау қаласындағы Жастар саябағы мен басқа да қоғамдық орындарды аралады. Полицейлердің айтуынша, мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың түнгі уақытта заңсыз немесе қауіпті ортада жүруінің алдын алу. Рейд нәтижесінде бір тәулік ішінде түнгі мезгілде заңды өкілдерінің қарауынсыз көшеде жүрген 30 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаз мезгілі басталған тұста ювеналдық полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың жүріс-тұрысы мен бос уақытын жіті бақылауда ұстаудың маңызын ескертеді. Себебі жыныстық қолсұғушылық, төбелес, бұзақылық, буллинг және басқа да құқық бұзушылықтарға түрткі болатын жағдайлар көбіне түнгі уақытта орын алады. Жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен тәртібіне бейжай қарамайтын тәртіп сақшылары мұндай профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыра бермек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды