Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Жасыл ел» жобасы аясында 2 мыңнан астам жас алматылықты жұмысқа орналастыру жоспарлануда

«Жасыл ел» жобасы аясында 2 мыңнан астам жас алматылықты жұмысқа орналастыру жоспарлануда
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағының жаңа маусымы басталды. Биыл осы жобаның аясында 2100 жас пен жасөспірім жұмыспен қамтылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек осылай мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, Алматы қазір жастары ең көп қаланың бірі болып отыр. Қаладағы жастар саны 769 мыңнан асады. Оның ішінде 472,8 мыңы – жұмыс істейтіндері, 307,8 мыңнан астамы жоғары оқу орны мен колледждің студенттері, шамамен 80 мыңы – жоғары сынып оқушысы екен.

2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Жасыл ел» жобасы экологиялық мәдениетті қалыптастырып, еңбек дағдысын дамытып, жастарды қоғамдық пайдалы жұмысқа тартуға бағытталған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдап, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға көп көңіл бөліп отыр. «Жасыл ел» жобасы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының міндетімен үндесіп, жастарды қаланы дамытуға тартуға мүмкіндік береді», – дейді Азиз Кажденбек.

Спикердің айтуынша, былтыр Алматы «Жасыл ел» жобасын жүзеге асырудан еліміздегі үздік өңір деп танылыпты. Өткен жолы маусымдық жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 2,1 мың жас жұмыспен қамтылған. Алғаш рет жобаға жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар колледж студенттері мен NEET санатындағы жастар да қатысты.

Алматы қаласы бойынша «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Ердәулет Жүнісбек жастардың еңбек жасақтары жыл сайын қаланы көгалдандыру, аумақтарды санитарлық тазарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен экологиялық акцияларға белсене қатысатынын атап өтті.

«Бұл жоба алғашқы еңбек тәжірибесін алып, қоғамдық қызметте өздерін көрсетіп, Алматының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді», – деді Ердәулет Жүнісбек.

Жобаға 14 пен 35 жас аралығындағы мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыссыз жастар қатыса алады. Барлығына «Жасыл ел» формасы беріледі.

«Біздің міндетіміз жастарды уақытша жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың белсенді азаматтық ұстанымын, экологиялық мәдениеті мен қалалық ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру», – дейді спикер.

Ердәулет Жүнісбектің айтуынша, еңбек маусымы 30 қыркүйекке дейін жалғасады, «Жасыл ел» жаңа маусымының өзі 2 маусым күні салтанатты түрде ашылмақшы.

Жобаға қатысу үшін офлайн форматта Серіков көшесі, 6а/1 мекенжайы бойынша өтініш беруге болады. Мектеп оқушылары жобаға қатысу үшін өз оқу орнындағы әлеуметтік педагогқа жүгінуі қажет.

Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, биыл жоба аясында жастарды қамту ауқымын кеңейтіп, «Жасыл ел» жасақтары қатысатын экологиялық және қоғамдық бастамалардың санын арттыру жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды