Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ ауғандық апиынды жеткізудің сыртқы арнасының жолын кесті

ІІМ ауғандық апиынды жеткізудің сыртқы арнасының жолын кесті
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында халықаралық есірткі тасымалы арналарының жолын кесу бойынша арнайы іс-шаралар жүргізуде, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және Қырғызстан Ішкі істер министрліктері тығыз өзара іс-қимыл мен шекара маңы ынтымақтастығы аясында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізудің сыртқы трансұлттық арнасының жолын кесті.

- Бірлескен арнайы операция барысында Шымкент қаласында Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Олардан шамамен 5 келі ауғандық апиын есірткі заты тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың әрекеттеріне есірткі контрабандасы және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу белгілері бойынша қосымша құқықтық баға беру мәселесі қарастырылуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында еліміздің аумағына есірткі жеткізудің сыртқы арналарының жолын кесуге, сондай-ақ ел аумағы арқылы жүзеге асырылатын есірткі транзитіне қарсы бағытталған нысаналы арнайы операцияларды жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді