Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Павлодар облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте Павлодар облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Павлодар облысының әлеуметтік саласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Жиынға әлеуметтік блокқа жетекшілік ететін салалық министрліктердің басшылары мен облыс әкімі Асайын Байханов қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірде қол жеткізілген оң нәтижелермен қатар, шешімін күтетін мәселелер де бар екені атап өтілді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында медициналық кадрларды даярлауды күшейту және халықпен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажетіне назар аударылды. Оның ішінде вакцинацияға қатысты медиажоспар әзірлеу міндеті белгіленді.

Білім беру саласында орта білім сапасын арттыруға, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін күшейтуге басымдық берілді. Бұл ретте өңірдің инклюзивті білім беруді дамытудағы жоғары көрсеткіштерін сақтау маңызды екені атап өтілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бағыты бойынша әлеуметтік келісімшартты іске асыру, әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасының жұмыс істеуі және көші-қон саясатына қатысты мәселелер қаралды.

Сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі және туризм мәселелері талқыланды. Баянауыл курорттық аймағы жыл сайын есептік мүмкіндіктерінен асатын көлемде демалушыларды қабылдайтыны айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева облыс әкімдігіне әрбір бағыт бойынша нақты шаралар қабылдауды, қызметтер сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысты күшейтуді, мамандардың біліктілігін арттыруды және кадр тапшылығын кезең-кезеңімен төмендетуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді