Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Курорттық аймақтарды инспекциялау нәтижелері бойынша шаралар қабылданды: бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

Курорттық аймақтарды инспекциялау нәтижелері бойынша шаралар қабылданды: бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына туризм және спорт, көлік, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация, денсаулық сақтау министрліктерінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары кірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10-12 шілдеде Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарына инспекциялық сапар барысында бірқатар жүйелі заң бұзушылықтар анықталды.

Жұмыс тобының мүшелері туристермен кездесулер өткізіп, Қапшағай су қоймасындағы, Алакөл және Балқаш көлдеріндегі инфрақұрылыммен танысты. Азаматтардың туристік инфрақұрылымның жай-күйіне, сервистің жеткіліксіз деңгейіне және қажетті қауіпсіздік шараларының болмауына қатысты хабарламалары расталды.

Әсіресе, жергілікті атқарушы органдар басқаратын коммуналдық жағажайлардың жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызды. Онда абаттандыру нормаларын бұзу, чек бермей жұмыс істейтін бизнес субъектілерінде кассалық тәртіптің болмауы, сондай-ақ санитариялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын елемеу фактілері тіркелді.

Инспекция қорытындысы бойынша және Президенттің тапсырмасын орындау үшін жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза қолданылды:

  •  туризмді дамытуға жауапты туризм және спорт вице-министріне, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстары әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды;
  •  Қонаев, Балқаш қалаларының, Алакөл, Мақаншы аудандарының әкімдеріне, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдеріне сөгіс жарияланды;
  •  кәсіпкерлікке, туризмге, қоршаған ортаны қорғауға, сәулет пен саудаға жауапты облыстық басқармалардың басшыларына жазалау шаралары қолданылды;
  •  экология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, қаржы, су ресурстары және ирригация, сауда және интеграция, көлік министрліктерінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті жерлерде орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі тексерулер жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша туристік инфрақұрылымды дамытудың Жол картасы әзірленетін болады, онда саладағы жүйелік проблемаларды жою жөніндегі бірінші кезектегі шаралар айқындалады.

Бұдан басқа, жұмыс тобының базасында туристік қызметтердің сапасын арттыру, курорттық аймақтарды абаттандыру және жергілікті жерлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде үйлестіретін Жобалық кеңсе жасақталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті