Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әлемдегі ең ірі ақпараттық медиаресурстардың бірі Euronews телеарнасының Modern Nomads халықаралық бағдарламасының жаңа шығарылымына арқау болды. Арнаның Еуропа мен әлем бойынша миллиондаған аудиториясы бар. Қазақстандағы Euronews бюросы бір жылдан астам уақыт бойы ел мен Орталық Азиядағы маңызды оқиғаларды жариялап, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін халықаралық аудиторияға насихаттап келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның жаңа шығарылымы Қазақстанның ең ірі мегаполисі Алматыға арналды. Қала табиғаты, қалалық мәдениеті мен белсенді өмір салты үйлескен заманауи туристік орталық ретінде көрсетілді. Бағдарлама Euronews телеарнасында эфирге шығып, арнаның цифрлық платформаларында да жарияланды.

Эпизод аясында көрермендер Алматының танымал туристік орындарымен танысты. Солардың бірі Іле Алатауы баурайындағы әйгілі «Денсаулық баспалдағы». Алматы мен тау көрінісін тамашалауға мүмкіндік беретін бұл бағыт қала тұрғындары мен туристер арасында кеңінен танымал. Бағдарлама авторлары 842 баспалдақтан тұратын маршруттың Алматының outdoor-мәдениетінің символына айналғанын атап өтті.

Сондай-ақ, шығарылымға Көктөбе, Көк базар, Алматы заманауи өнер музейі және қаланың рухын, гастрономиясы мен мәдени әралуандығын айқындайтын танымал арт-нысандар енді. Авторлар шаһардың табиғи ландшафтары, заманауи қалалық ортасы мен бай мәдени мұрасының үйлесіміне ерекше назар аударған.

Алматы туралы бағдарламаның Euronews платформасында жариялануы халықаралық медианың қалаға деген қызығушылығы артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеп, Алматының туристік әлеуетін еуропалық аудитория арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді