Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Алматыда  қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы ҚХР мен Орталық Азиядағы ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар жетекші қытайлық компаниялардың бірі – Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу бұған дейін өткізілген диалогтің жалғасы болды, оның қорытындысы бойынша Алматы қаласында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату туралы инвестициялық келісім жасалды. 

Бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды: инвестициялардың жалпы көлемі 145,5 млрд теңгені құрайды.  

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығын атап өтіп, еліміздің жаңа Конституциясында бекітілген басымдықтардың бірі – қоршаған ортаны қорғау екенін атап өтті. Осыған байланысты Үкіметтің алдында инвестициялар мен озық технологияларды тарта отырып, экологиялық жаңғыртуға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр.

«Елдеріміздің көшбасшылары – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырза бізге экономикалық қатынастарды дамыту үшін зор мүмкіндіктер жасап отыр. Қытай Халық Республикасы – біздің негізгі сауда-экономикалық серіктестеріміздің бірі. Hunan компаниясының Қазақстан нарығына келуін құптаймыз және бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Біздің былтырғы кездесуіміз барысында еліміз үшін осы маңызды жобаға жақсы серпін берілген болатын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого 29 мамырда құрылыс жұмыстарының басталатынын хабарлады. Нысан екі жыл ішінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жоба ТҚҚ өңдеудің анағұрлым заманауи моделін енгізуді көздейді – яғни оларды кейіннен электр энергиясына айналдыра отырып қайта өңдеу қарастырылған. Зауыттың іске қосылуы жылына шамамен 200 мың тонна CO₂ шығарындыларын азайтуға, полигон көлемін жыл сайын шамамен 800 мың текше метр үнемдеуге және «жасыл» энергияны тұрақты өндіруге ықпал етеді. Кәсіпорын тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықты өңдеп, 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады. Құрылыс кезеңінде кемінде 700 уақытша жұмыс орны құрылады, ал зауыт іске қосылғаннан кейін 120 тұрақты жұмыс орны ашылады.

«Біз екі жыл ішінде барлық жұмыстарды толық аяқтайтынымызға сенімдіміз. Қазақстан Президенті мен Үкіметі тарапынан елдің “жасыл” дамуына қатысты үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Біз Қазақстанның “жасыл” дамуына және инвестиция тартуға нақты үлес қосатын ірі жоба болу үшін ұмтылып, сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз», — деді директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого.

Жоба сонымен қатар сенімді электрмен жабдықтауды, цифрлық шешімдер үшін энергияны пайдалануды және қыста өнеркәсіптік тұтынушылар мен қалалық қажеттіліктерге таза жылу беруді қамтамасыз ететін үш «жасыл» орталықты құруды көздейді. Бұдан бөлек, технологияларды енгізуге, қосалқы бөлшектер өндірісін локализациялауға, жергілікті мамандарды даярлауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған үш базаны қалыптастыру жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов салалық мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы пайдалануға беру үшін одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
4 комментария
  • Ima
  • 25-11-2026, 17:22
  • : 17:22
References: Payid online pokies australia https://telegra.ph
  • Rae
  • 26-11-2026, 00:35
  • : 00:35
For those playing Neosurf pokies real money games, what sets it apart is the combination of cash-based purchases and a fixed loaded value, rather than any single feature. Players in Australia use Neosurf as a prepaid voucher to pay at an online Neosurf casino with a 10-digit PIN, without a bank account or credit card. One point worth checking before signing up is whether a bonus excludes voucher deposits, since a few operators tie promotions to other methods. When comparing each Neosurf casino, we weigh deposit reliability, how clearly bonus terms treat voucher funding, the size of the pokie library, and whether AUD is supported without conversion fees. For players searching for a Neosurf casino instant withdrawal Australia option, it is also important to check whether the casino supports reliable payouts through alternative methods. It covers which AUD venues accept the method, what fees apply and how voucher values affect deposits from A$10 to A$100. References: linuxlife.eu
For most punters an e-wallet, PayID or crypto is quicker and cheaper. We line up the $10 Neosurf deposit casinos in Australia on their own page, minimum by minimum. Mino's €5 minimum sits under it, which makes Mino the obvious pick on that budget. Read wagering together with the match percentage. If a deposit doesn't appear within a few minutes, refresh the balance first. References: comunidadedocaminho.com
  • Ron
  • 26-11-2026, 01:08
  • : 01:08
Payment options like Klarna or BLIK are popular among casino players. Since it is a voucher, Australian players cannot use the banking method to withdraw funds from their casino accounts. While the payment option is beneficial for making deposits, unfortunately it does not offer a withdrawal feature. Aussies can find the option easily on the banking/payments/cashier section of a casino. You can find many $10 Neosurf deposit online casinos that accept neosurf in Australia.
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды