Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы Қазақстанның ветеринариялық жүйені жетілдіру бағытындағы жұмысын жоғары бағалады

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы Қазақстанның ветеринариялық жүйені жетілдіру бағытындағы жұмысын жоғары бағалады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Францияға жұмыс сапары барысында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының Бас директоры Эммануэль Субейранмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ветеринариялық жүйесін одан әрі нығайту, биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарды енгізу, кадр даярлау және жануарлардың трансшекаралық ауруларының алдын алу саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Айдарбек Сапаров Қазақстанның ветеринария саласын дамытуға бағытталған көпжылдық сындарлы ынтымақтастығы мен сараптамалық қолдауы үшін ұйымға алғыс білдірді.
Министр Қазақстан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының халықаралық стандарттарын дәйекті түрде енгізіп келе жатқанын атап өтті.

«Ұйымның сараптамалық және әдістемелік қолдауы еліміздің ветеринариялық қызметін нығайтуға елеулі үлес қосты. Біз кадрлық әлеуетті арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және биологиялық қауіпсіздік деңгейін күшейтуге ерекше мән беріп отырмыз. Бұл бірлескен жұмыс халықаралық стандарттарды тиімді енгізуге және ветеринариялық қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету жүйесін дамытуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Сондай-ақ Алматыда өткен ветеринариялық білім беруді үйлестіруге арналған өңірлік семинардың маңызы айтылды. Семинар қорытындысында «Бірыңғай денсаулық» қағидатының элементтері еліміздің үш жетекші аграрлық жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларына енгізілді.

Халықаралық әріптестермен бірлесіп, ветеринариялық стандарттарды енгізу, саланың тұрақтылығын арттыру және трансшекаралық биологиялық қауіптердің алдын алу бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Олардың қатарында күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасы, бруцеллез ауруларын бақылау, сондай-ақ антимикробтық препараттарды ұтымды қолдану мен мониторинг жүргізу бастамалары бар.

Министр Үкіметтің 2024–2026 жылдарға ветеринариялық жүйені дамытуға қосымша инвестициялар қарастырғанын айтты. Қаржы инфрақұрылымды жаңғыртуға, зертханаларды жабдықтауға, жаңа нысандар салуға және ветеринар мамандардың еңбекақысын арттыруға бағытталады.

Өз кезегінде ұйымның Бас директоры Қазақстанмен әріптестік деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, ветеринариялық жүйені жетілдіру бағытындағы жұмысты оң бағалады.

«Қазақстан ветеринариялық қызметті дамыту мен халықаралық стандарттарды енгізуде жүйелі әрі сындарлы тәсіл ұстанып отыр. Біз өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және Орталық Азияның ғылыми-диагностикалық әлеуетін арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Қазақстанның тәжірибесін 183 елдің делегаттары қатысатын ұйымның 93-ші Бас сессиясы аясында және Дүниежүзілік ассамблеяның ашылуында бөлісу ұсынылады», — деді Эммануэль Субейран.

Кездесу қорытындысында тараптар өңірлік және жаһандық биологиялық қауіпсіздікті нығайту мақсатында ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендерін білдірді.

Сондай-ақ 20 мамырда ұйымның ғылыми комиссия отырысы өтіп, 21 мамырда жануарлар аурулары бойынша қолайлы мәртебелер беру мәселелері жөнінде дауыс беру жүргізілетін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді