Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада заңсыз автотұраққа қарсы жаңа бақылау жүйесі іске қосылды

Астанада заңсыз автотұраққа қарсы жаңа бақылау жүйесі іске қосылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада жол қауіпсіздігін күшейту және заңсыз автотұрақтардың алдын алу мақсатында прокуратура мен қалалық мекемелер бірлескен жаңа бақылау жүйесін іске қосты – «Заң мен тәртіп» логотипі бар мобильді кешендер қала көшелерінде тұрақтап, ереже бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба аясында автокөліктерге «Заң мен тәртіп» логотиптері жабыстырылды. Бастаманың негізгі мақсаты – заңсыз автотұрақтың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту.

Мамандардың айтуынша, ретсіз қойылған көліктер жүргізушінің көру мүмкіндігін шектеп, әсіресе балалардың жолды дер кезінде байқауына кедергі келтіреді. Мұндай жағдайлар жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттырады және жедел қызметтердің қозғалысына да қолайсыздық тудырады.

Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы мамандарының мәліметінше, мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендер тыйым салынған аумақтарды автоматты түрде бақылайды. Егер көлік рұқсат етілмеген жерге қойылса, жүйе құқықбұзушылықты тіркеп, айыппұл рәсімдеуге мүмкіндік береді.

«Мұндай кешендер қала көшелерінде тұрақты түрде жұмыс істейді. Негізгі мақсат – заңсыз автотұрақтарды анықтау және олардың алдын алу. Егер бір жүргізуші ережені қайталап бұзса, айыппұл да қайта тіркелуі мүмкін. Сондықтан көп жағдайда жүргізушілер тәртіпке бейімделеді. Көліктің жүк салғыш бөлігінде интернет тарату құрылғысы орнатылған, сол арқылы жүйе үздіксіз жұмыс істейді. Біз арнайы маршрутпен қозғалып, құқықбұзушылықтарды тіркеп отырамыз. Орта есеппен бір көлік күніне шамамен 100-ге жуық құқықбұзушылықты анықтайды», – деді Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының жүргізушісі Зархан Сапарқұл.

Жоба барысында мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендер арқылы құқықбұзушылықтар тіркеліп, тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бастама ай сайын 100 мыңнан астам азаматты қамтиды. Сонымен қатар жол бойында ақпараттық буклеттер таратылып, түсіндіру-насихат шаралары өткізіледі.

Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Ақжол Сәтілда атап өткендей, мұндай бастамалар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

«Тыйым салынған жерлерге көлік қою – жол қозғалысына қатысушылар үшін үлкен қауіп төндіреді. Бұл әсіресе жаяу жүргіншілерге, соның ішінде балаларға тікелей әсер етеді. Жол ережелерін бұзу, жылдамдықты арттыру және маневр жасау талаптарын сақтамау – ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мобильді АПК жүйелері құқықбұзушылықтарды анықтап, тіркеу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жалпы, бұл – тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам», – деді ол.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын автотұрақ ережелерін сақтауға шақырып, жолдағы тәртіп пен жауапкершілік балалар қауіпсіздігінің негізгі кепілі екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді