Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полицейлер 600-ден астам суық қару мен қауіпті заттарды тәркіледі

Алматыда полицейлер 600-ден астам суық қару мен қауіпті заттарды тәркіледі
Фото: polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаменті жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында тыйым салынған заттарды анықтау және заңсыз айналымнан алу жұмыстарын күшейтті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 681 дана пышақ, кастет, таяқша және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де заттар тәркіленді. Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғаевбаевтың айтуынша, атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Пышақ, кастет және өзге де тыйым салынған заттарды алып жүруге заңмен қатаң тыйым салынған. Бұл үшін жауапкершілік көзделген. Әсіресе кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылып отыр. Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың қандай заттарды алып жүретінін бақылауды сұраймыз және оларды заңсыз әрекеттерге тартуға жол бермеңіздер, – деді ол. 

Полицияда бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқанын және тұрақты бақылауда екенін атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді