Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл көлік полицейлері 900-ге жуық тыйым салынған затты тәркіледі

Биыл көлік полицейлері 900-ге жуық тыйым салынған затты тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 900-ге жуық тыйым салынған затты тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Теміржол және әуе көлігі объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз қол сұғушылық актілерінің алдын алу мәселелері көліктегі полиция департаментінің басым бағыттарының бірі. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға ерекше назар аударылған.

Ұшақ бортына оқ-дәрілерді, қаруларды, пышақтарды, электрошокерлерді, сондай-ақ отшашулар мен пиротехникаларды алып кіруге рұқсат етілмейді. Азаматтарды тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға шақырамыз. Олар билет сатып алуға арналаған сайттарда орналастырылған.

Көлік полицейлері халықты хабардар етуді арттыру үшін «Төтенше жағдайлар туындаған кездегі азаматтардың іс-әрекеттері туралы» жадынама әзірледі. Онда иесіз немесе күдікті заттар табылған кездегі әрекеттер бойынша ұсыныстар көрсетілген. Алайда профилактикалық жұмыстарға қарамастан, заң бұзушылықтар саны азаймай отыр.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан:

• 16 бірлік қару мен 444 оқ-дәрі;

• Тексерудің бірінші желісінде (электрошокерлер, пышақтар, кастеттер, шоқпарлар және басқа да қауіпті заттарды қоса алғанда) 433 зат тәркіленді.

Азаматтардың өзге мемлекеттерде болған кездерінде кәдесый ретінде кастет пен пышақ сатып алатын сәттері де болады. Осы ретте, оларды алып жүргені үшін Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Мәселен, 8 желтоқсанда Ақтөбе теміржол станциясында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру қызметімен бірлесіп, Қызылорда облысының 30 жастағы тұрғынынан телескоптық резеңке таяқ тәркіледі. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Дәл сол күні Алматы әуежайында тексеру қызметі Алматы –Орал рейсінің 55 жастағы жолаушысынан электрошокер тапты. Жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік полицейлері көлік объектілерінде тыйым салынған заттарды сақтағаны, тасымалдағаны, сондай-ақ жолаушылар арқылы беріп жібергені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Азаматтарды ережелерді қатаң сақтауға және қырағылық танытуға шақырамыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді