Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда сұранысқа ие бірқатар мамандықтар бойынша кадр тапшылығы сақталуда

Қазақстанда сұранысқа ие бірқатар мамандықтар бойынша кадр тапшылығы сақталуда
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Елде білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады. Аталған тізімге сұранысқа ие 50-ден астам мамандық енгізілген. Олардың қатарында ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия және креативті индустрия салаларындағы жоғары білікті мамандар бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Тізімге енгізілген мамандықтар бойынша шетелдік жоғары білікті кадрларға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі беріледі. Бұл тетік басым бағыттарға қажетті мамандарды тартуды көздейді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан бері бірқатар мамандықтар бойынша кадр тапшылығы сақталып отыр.

Мәселен, Enbek.kz порталының мәліметінше, «акушер-гинеколог» мамандығы бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндемеден келеді. «Педиатр» мамандығы – 448 вакансияға 139 түйіндеме, ал «анестезиолог-реаниматолог» бойынша 300 бос орынға 75 түйіндеме ғана тіркелген. Сонымен қатар онколог, неонатолог және эндокринолог мамандарына да сұраныс жоғары.

Бұған қоса ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға да қажеттілік артып отыр. Атап айтқанда, қолданбалы бағдарламашылар (509 вакансия), графикалық дизайнерлер (355 бос жұмыс орны) сұранысқа ие.

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің деректеріне сәйкес, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 45 мыңнан астам еңбек шарты жасалған. Оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері шамамен 8 мың, акушер-гинекологтар – 4,6 мың, педиатрлар – 4,1 мың және қолданбалы бағдарламашылар – 3,5 мың еңбек шартын құрайды.

Сонымен қатар шетелдік жұмыскерлермен 55 еңбек шарты рәсімделген. Олардың басым бөлігі «автоматтандыру инженері» мамандығына тиесілі.

Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы Enbek.kz порталында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Медицина саласының мамандары дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Жалпы, келтірілген деректер ішкі еңбек нарығы сұранысқа ие мамандықтардың басым бөлігі бойынша қажеттілікті қамтамасыз етіп отырғанын көрсетеді. Дегенмен денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы әлі де өзекті болып қалып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді