Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылы Қазақстанда 14,2 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырды

2025 жылы Қазақстанда 14,2 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2025 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 210 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) 397 рұқсат, екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 2 405 рұқсат берілді. Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 008 және 1 467 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 556 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 377 адам тартылды.

2025 жылы Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 816 жұмыс беруші тіркелді. Оларда 323,3 мыңнан астам Қазақстан азаматы еңбек етті, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрады.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыскерлердің ең көп саны мына салаларда шоғырланған: құрылыс саласында – 4 049 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 3 475 адам, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласында – 1 368 адам, өңдеу өнеркәсібінде – 1 297 адам, - делінген хабарламада.

Еңбек мигранттары келген негізгі елдер: Қытай – 6 090 адам,
Өзбекстан – 3 093 адам, Түркия – 1 000 адам, Үндістан – 677 адам болды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлтына қарамастан, елдің дамуына үлес қоса алатын білікті шетелдік мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ олардың Қазақстанда қалуы үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін, өйткені техникалық мамандықтар бойынша жоғары білікті кадрларға, өз ісінің нағыз шеберлеріне сұраныс жоғары екенін айтты.

Осы міндетті іске асыру, сондай-ақ ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеп, бөледі.

2026 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күші санына шаққанда 0,25% мөлшерінде, яғни 18,1 мың бірлік көлемінде белгіленді. Сонымен қатар үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күші санына шаққанда 2,9%-ды немесе 221,9 мың бірлікті құрады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті