Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда дәмханада болған ірі көлемдегі ақша ұрлығы әшкереленді

Қарағандыда дәмханада болған ірі көлемдегі ақша ұрлығы әшкереленді
Фото: polisia.kz

Қарағанды қаласындағы дәмханалардың бірінде болған кеш барысында екі ер адамның қатысуымен 1,9 млғ теңгеге жуық қаражаттың заңсыз аударылғаны белгілі болды. Оқиға келесі күні банк шотын тексеру кезінде анықталып, полиция қызметкерлері күдіктілерді қысқа мерзімде ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласындағы дәмханалардың бірінде болған кеш екі жергілікті тұрғын – 40 және 37 жастағы ер адамдар үшін күтпеген оқиғаға ұласты. Алкогольдік ішімдік ішіп, таныс қыздармен әңгімелескеннен кейін есеп айырысу сәтінде қаражаттың барлық шығынды жабуға жеткіліксіз екені анықталған. Осы кезде қыздардың бірі көмектесуге ниет білдірген. Алайда оқиға күтпеген арнаға бұрылған. Қыздар кетуге дайындалып жатқан сәтте 37 жастағы ер адам қолайлы мүмкіндікті пайдаланып, 35 жастағы қарағандылық әйелдің банк шотынан өзінің 40 жастағы танысының шотына 1 млн 900 мың теңге көлемінде қаражатты жасырын түрде аударып жіберген.

Кештің осылай аяқталғанын ешкім байқамайды деп ойлаған күдіктілер оқиға орнынан кеткен. Алайда келесі күні таңертең шот иесі банк шотынан ірі көлемдегі қаражаттың жоғалғанын байқап, Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілерді қысқа мерзімде анықтап, ұстады. Екі ер адам да өз кінәсін толық мойындаған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады