Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында жалған ақшамен сауда жасаған әйел анықталды

Қарағанды облысында жалған ақшамен сауда жасаған әйел анықталды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысының Абай қаласында полиция қызметкерлері кәдесый купюраны қолдана отырып жасалған алаяқтық дерегін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 29 сәуір күні шамамен сағат 14:00-де қаладағы киім сататын бутиктердің бірінде болған. Белгісіз әйел 70 жастағы сатушының сеніміне кіріп, сыртқы келбеті 10 мың теңгелік банкнотқа ұқсас купюрамен есеп айырысып, материалдық шығын келтірген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол 38 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді