Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда кафеге телефонын кепілге қалдырған азаматтың атынан 3 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген

Таразда кафеге телефонын кепілге қалдырған азаматтың атынан 3 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген
Фото: polisia.kz

Таразда кафеге телефонын кепілге қалдырған азаматтың атынан 3 млн теңге жуық несие рәсімдеген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13 қазан күні Тараз қаласының полициясына 37 жастағы жергілікті тұрғын шағыммен жүгінді. Ол шағымында белгісіз тұлға банктің мобильді қосымшасы арқылы оның атынан 2 840 000 теңге көлемінде несие рәсімдегенін, содан кейін осы ақшалай қаражатты букмекерлік қосымшаның есеп шотына аударғанын хабарлады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жәбірленуші оқиға қарсаңында облыс орталығындағы кафелердің бірінде демалғанын айтты. Есеп айырысу үшін ақшасы жетпей, өзінің ұялы телефонын кепілге қалдырып, кейін оны ұмытып кеткен. Әйелінің телефоны арқылы банктің қосымшасына кіріп, ол өз атынан үлкен көлемде несие рәсімделгенін білген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы кафенің 20 жастағы қызметшісін анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты