Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көлікте жасалған ірі ұрлық қылмысы ашылды

Алматыда қоғамдық көлікте жасалған ірі ұрлық қылмысы ашылды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте ұрлық жасады деген күдікпен әйел адамды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктінің таңертеңгі уақытта автобус ішінде жолаушының сөмкесінен жасырын түрде ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты, сондай-ақ алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4,1 миллион теңгеден асты.

– Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдіктінің қылмысқа қатысы бары толық дәлелденді. Тінту кезінде ұрлық фактісін растайтын заттай дәлелдемелер, оның ішінде ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің кінәсі қоғамдық көлік салонында орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларымен де дәлелденіп отыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Полиция азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, қоғамдық көлікте жүргенде жеке мүлкіне аса мұқият болуға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті