Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды мерекелік іс-шара өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Жетісу саябағында ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары жиналған бұл мәдени кеш достық пен татулықтың, бірлік пен өзара құрметтің жарқын көрінісіне айналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ашық аспан астында өткен концертте әртүрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен өнері көрініс тапты. Көрермендерге вокалдық нөмірлер, ұлттық және этникалық билер, сондай-ақ сахналық қойылымдар ұсынылды.

Сахнада өнер көрсеткен әртістер көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе «Алтын Ұрпақ би ансамблі мен «ХАЗАР» шығармашылық ұжымы өз өнерлерімен ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, Кавказ халықтарының билері, гавай биі, лирикалық әндер мен әсерлі финалдық нөмір көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.


Іс-шара барысында тек концерттік бағдарлама ғана емес, түрлі ойындар мен байқаулар да ұйымдастырылып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл шара балалар мен ересектер үшін қызықты әрі есте қаларлықтай өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мерекелік бағдарламалар еліміздегі мәдениетті насихаттап, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді