Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ҚАЖ департаментінде Бірлік күні кең көлемде атап өтілді

Астанада ҚАЖ департаментінде Бірлік күні кең көлемде атап өтілді
Фото: ҚАЖД

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кең ауқымды, жарқын әрі мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталған мерекеге Департаменттің барлық жеке құрамы, оған қарасты мекемелер мен пробация қызметінің қызметкерлері белсене қатысты. Сонымен қатар шараға ардагерлер, зейнеткерлер, қызметкерлердің ата-аналары, отбасы мүшелері мен балалары арнайы шақырылып, мерекенің ажарын аша түсті.

Мерекелік бағдарлама аясында мазмұнды әрі әсерлі концерт ұйымдастырылды. Әрбір мекеме түрлі ұлттың мәдениетін таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, №64 мекеме ұжымы өзбек халқының, №2 мекеме – орыс халқының, №3 мекеме – түрік халқының мәдениетін, ал Департамент пен пробация қызметі қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеді. Қатысушылар ұлттық киімдерін киіп, әсем билерін билеп, әуезді әндерін шырқап, сондай-ақ ұлттық тағамдары мен ерекше салт-дәстүрлерін көпшілік назарына ұсынды. Әр көрініс көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар іс-шара барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар арқан тарту, гір көтеру және қол күрес сынды сайыстарда өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан жеңімпаздар Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Рустан Ахметжановтың атынан арнайы грамоталармен және кубокпен марапатталды.Бұл мерекелік шара – ұлттар арасындағы достық пен өзара сыйластықты нығайтып, бірліктің маңызын айқындайтын тағылымды іс-шара болды. Көпұлтты ұжымның ұйымшылдығы мен ауызбіршілігі айқын көрініс тауып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді